

Назарбаев Университеті Ұлыбританияның Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттігі (QAA) жүргізген жан-жақты Халықаралық сапа шолуының (International Quality Review) қорытындысы бойынша институционалдық аккредиттеуден өтті.
Бұл университеттің жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудегі халықаралық деңгейде танылған бағдар болып табылатын Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулықтарын (ESG) ұстанатынын білдіреді. Аккредиттеу университеттің жетекші оқу орны ретіндегі мәртебесін растап, Назарбаев Университеті дипломының әлемдік деңгейде танылуы мен құндылығын нығайтады.
Аккредиттеу бес жыл мерзімге жарамды. Үздік тәжірибе мысалдары мен жетілдіру жөніндегі ұсынымдар берілген IQR есебі QAA сайтында қолжетімді. НУ ұсынымдарды орындау және үздік тәжірибелерін сақтау үшін жан-жақты іс-қимыл жоспарын әзірледі.
Аккредиттеу сертификатымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.
Аккредиттеуге қатысты сұрақтар немесе аккредиттеу белгісін пайдалануға рұқсат алу үшін Стратегия және іске асыру офисіне strategy@nu.edu.kz мекенжайы бойынша хабарласыңыз.