Бағалар үлестірімі туралы есептер – деректер арқылы түсіну
БАҒАЛАР ҮЛЕСТІРІМІ ТУРАЛЫ ЕСЕПТЕР
Бұл есептерде бакалавриат, магистратура мен докторантура және дайындық бағдарламалары (NUFYP/NUZYP) курстары бойынша студенттер бағаларының үлестіріміне жан-жақты талдау жасалған. Мұндай талдаулардың мақсаты – бағалардың үлестірімі туралы ой елегінен өткізуге және салиқалы талқылауларға ықпал ету, сондай-ақ дәлелге негізделген шешімдер мен тәжірибені қолдау үшін деректер мен ақпарат ұсыну.
Мектептер, кафедралар және Университеттің тиісті кеңестері мен комитеттері негізгі есепке енбеген қосымша талдауларды сұрата алады.
Сайттағы (ie.nu.edu.kz) статистикалық деректерді халықаралық зерттеу университетінің контекстінде және НУ-дың стратегиялық мақсаттарына (НУ-дың 2018–2030 жылдарға арналған стратегиясы) сәйкес қарастыру қажет. Осы деректерді жарияланымдарда пайдаланған кезде ақпараттың бастапқы көзіне сілтеме жасаңыз. Сұрақтарыңыз болса, Институционалдық зерттеулер және талдау тобына ir@nu.edu.kz мекенжайы бойынша хабарласыңыз.