НУ Data Digest – НУ студенттері (қабылдау, контингент, оқуды жалғастыру, бітіру және басқа да қатысты ақпарат), профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері туралы жан-жақты ақпарат беретін статистикалық есеп. Ол НУ статистикасының ресми дереккөзі болып табылады және Академиялық кеңес 2020 жылғы 3 маусымда оны осындай дереккөз ретінде мақұлдады.
Тіркеу офисімен кеңесу нәтижесінде Data Digest барлық ресми НУ статистикасын есептеу кезінде
күзгі семестрдің алтыншы аптасының соңын есептік күн ретінде пайдаланатыны айқындалды.
Data Digest НУ қауымдастығы үшін анықтамалық (ресми) статистикалық есеп болуға арналған. Ол әр күзгі семестрде дайындалады, ал күзгі семестр статистикасы оқу жылының қалған бөлігі үшін болжамды көрсеткіш ретінде қолданылады.
Сипаттамалық статистикалық ақпаратқа кіріспені
осы жерден оқуға болады (ағылшын тілінде).